main content

Ерігіш кофеден жасалатын 19 десерт

Кофеден қандай десерттерді дайындауға болады? Торттарды, маффиндерді, желе мен көптеген тағы басқаларын! Рецепттерін біздің мақаладан біліп алыңыз.

Әңгіме кофелік дессертер жайлы болғанда, ойымызға бірінші болып тирамису келеді. Алайда, бұл кофе негізінде жасуға болатын жалғыз зат емес. Оны олардың дәмі мен хош иісін байыту үшін піспенанға, суфлеге, желеге, чизкейтер мен маффиндерге де қосуға болады.

Біз сізге үйде қайталауға болатын кофе қосылған десерттердің әртүрлі рецепттерін жинап қойдық. Оқыңыз да, оларды дайындап көріңіз!
 

Кофелік балмұздақ

Пломбир немесе шоколадты мүйізше кез келген супермаркетте сатылады, ал кофе дәмі бар балмұздақ өте сирек кездеседі. Оны өз бетімен жасауға болады және де оның дәмі сатып алынған балмұздақтың дәмінен кем болмайды, бұл ретте оны жасау үшін балмұздақ жасаушы сияқты арнайы девайстар тіпті қажет болмай қалады. Кофелік балмұздақты үйде қалай жасауға болатынын айтып береміз!

Кофелік балмұздақ

Шоколад үгіндісі қосылған кофелік балмұздақ

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Қант — 85 г
  • Су — 100 мл
  • Кілегей (майлылығы 33-35%) — 300 г

Суды қайнатып, оған ерігіш кофе мен қантты қосыңыз. Кофені масса кремге ұқсас болмайынша 5 минут бойы көпсітіңіз. Оны тоңазытқышқа 1 сағатқа салып қойыңыз. Бір сағаттан кейін оны шығарып алып, біртекті консистенция болғанша қайтадан көпсітіңіз. Содан кейін кілегейді тұрақты шыңдар пайда болғанша көпсітіңіз де, оны кофе массасы бар ыдысқа салып, силиконды қалақшамен төменнен жоғары қарай араластырыңыз. Жасалған массаны мұздатқышқа 6 сағатқа қойыңыз. Алғашқы үш сағатта ыдысты әр 30 минут сайын шығарып, араластырып тұрыңыз. Қалған 3 сағатта жай ғана массаның қатаюын күтіңіз.

Тұзды карамель қосылған кофелік балмұздақ

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 2 шай қасық
  • Майлылығы 33% кілегей — 500 г
  • Қойылтылған сүт — 200 г
  • Тұзды карамель — 100 г

Ерігіш кофені дайындаңыз — бұл үшін оны салқындатылған кілегей мен қойылтылған сүтпен араластырыңыз. Ингредиенттерді кілегей консистенциясы түзілгенше миксермен көпсітіңіз. Кофе массасының үштен бірін балмұздаққа арналған ыдысқа төгіп салыңыз. Үстінен тұзды карамельдің үштен бірін салып, карамельді өрнек жасау үшін роллдарға арналған таяқшамен немесе қасықтың сабымен араластырыңыз. Кофе массасы мен тұзды карамель бітпейінше сол әрекетті екі рет қайталаңыз. Ыдысты үлдірмен немесе қақпақпен жауып, мұздатқышқа 3 сағатқа қойыңыз. Дайын!

Кофе піспенаны

Сіз піспенанның өте ежелгі кондитерлік өнертабыс екенін білесіз бе? Олардың рецептін шамамен мың жыл бұрын ойлап тапқан. Содан бері бұл десерттің жүздеген нұсқалары пайда болды: сұлы, дәнді, шоколадты және көптеген басқалары. Бірақ ең хош иісті піспенандардың бірі — кофе піспенаны

«Кофе дәндері» піспенаны

«Кофе дәндері» піспенаны

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Сары май — 70 г
  • 20% қаймақ — 80 г
  • Сүт — 2 ас қасық
  • Бидай ұны — 250 г
  • Қант ұнтағы — 80 г
  • Какао ұнтағы — 35 г

Сүтті қыздырып, оған ерігіш кофені қосыңыз да, сусынды суытыңыз. Сары майды ерітіп, оны шайқағышты пайдаланып, қантпен көпсітіңіз. Бұл қоспаға қаймақ пен кофе қосыңыз, содан кейін тағы да көпсітіңіз. Какаомен еленген ұнды қосып, қамыр илеңіз. Оны тоңазытқышқа 20 минутқа салып қойыңыз. Қамырды шығарып алып, одан шай қасықтың мөлшеріндегідей кішкене шарларды жасаңыз. Қаңылтыр табаға пергаментті төсеп, кішкене шарларды жайып салыңыз да, піспенан пішіні бойынша кофе дәндеріне ұқсайтындай етіп әрқайсысында тіс тазалағышпен немесе роллдарға арналған таяқшамен жырашық жасаңыз. Піспенанды 180 градуста 10-15 минут пісіріңіз.

Кофе мен шоколадтан жасалған піспенан

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Сары май — 140 г
  • Бидай ұны — 200 г
  • Қоңыр қант — 140 г
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Қопсытқыш — бір шымшым
  • Шоколад — 70 г

Ерітілген сары майды, қант пен кофені араластырыңыз, содан кейін массаны крем консистенциясы пайда болғанша көпсітіңіз. Жұмыртқаны қосып, қайтадан көпсітіңіз. Сонан соң қопсытқыш қосылған еленген ұнды қосып, қамыр илеңіз. Шоколадты ұсақтап тураңыз да, оны қалған ингредиенттерге қосыңыз, қамырды тоңазытқышқа 30 минутқа салып қойыңыз. Қаңылтыр табаға пергаментті төсеп, піспенанды қалыптастырыңыз да, қаңылтыр табаға жайып салыңыз. 180 градуста 15 минут пісіріңіз.

Кофелік желе

Желе тарихы 19 ғасырдың ортасында американдық өнеркәсіпші Питер Купер желатинді ойлап тапқан кезде басталған. Көп ұзамай оның негізінде желе деген атқа ие болған жеміс десертін жасай бастады. Айтпақшы, енді оны алма немесе алмұртпен ғана емес, кофемен бірге де жасауға болады! Біз үйде оңай қайталауға болатын кофе ден жасалатын желе рецептермеін бөлісеміз.

Кофелік желе

Кофелік желе

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 4 шай қасық
  • Су — 500 мл
  • Қант — 80 г
  • Желатин — 30 г

Желатинді 200 мл суық қайнаған суда езіп, ісіну үшін 30 минутқа қалдырыңыз. Кофе дайындаңыз — бұл үшін 500 мл ыстық суды, ерігіш кофе мен қантты араластырыңыз. Желатиннің жартысын ыстық кофеге қосып, желатин толығымен ерігенше араластырыңыз. Кофені креманкаларға құйып, суытыңыз да, толығымен қатқанша тоңазытқышқа бірнеше сағатқа салып қойыңыз.

Сүтті-кофелік желе

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 4 шай қасық
  • Сүт — 500 мл
  • Су — 700 мл
  • Қант — 150 г
  • Желатин — 30 г

Желатинді 200 мл суық қайнаған суда езіп, ісіну үшін 30 минутқа қалдырыңыз. Кофе дайындаңыз — бұл үшін 500 мл ыстық суды, ерігіш кофе мен 80 г қантты араластырыңыз. Желатиннің жартысын ыстық кофеге қосып, желатин толығымен ерігенше араластырыңыз. Сүтті қайнатыңыз, қалған қант пен желатинді қосыңыз, сонан соң желатин толығымен ерігенше араластырыңыз. Кофе мен сүтті суытыңыз. Екі креманка алып, оларға кофенің жартысын құйыңыз, тағы екі креманка алыңыз да, оларға сүт құйыңыз — осылайша төрт креманка болады: екеуі кофемен және екеуі сүтпен. Қабаттары қатып қалуы үшін креманкаларды тоңазытқышқа 40 минутқа салып қойыңыз. Креманкаларды шығарып алып, қабаттарды жайып салыңыз: қатқан кофе қабатына қатқан сүт қабатын салып, оны толығымен қатайғанша бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қайтадан салып қойыңыз. Кофе мен сүт желесі дайын!

Кофелік панна-котта

Панна-котта итальян тілінен «қайнатылған кілегей» деп аударылады, бірақ шын мәнінде ол кілегейлі желеге ұқсайды. Оның хош иісі неғұрлым ашық пен қанық болуы үшін кофе қосуды ұсынамыз. Нәзік кофелік панна-коттаның рецептімен бөлісеміз!

Кофелік панна-котта

Кофелік панна-котта

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Су — 50 мл
  • 10% кілегей — 350 мл
  • Қант — 50 г
  • Желатин — 10 г

Кілегейді плитада 80 градусқа дейін қыздырыңыз, қант пен желатинді қосып, мұқият араластырыңыз да, 10 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін тағы да араластырыңыз — желатин кілегейде толығымен еріп кетуі тиіс. Ерігіш кофе дайындаңыз — бұл үшін үстіне ыстық су құйыңыз. Содан кейін креммен араластырыңыз. Панна-коттаға арналған қоспаны қалыптарға құйып, оны толық қатқанша тоңазытқышқа салыңыз, бұған 5 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін. Десерт қатып қалғанда, оны жеп көруге болады. Қаласаңыз, кофе панна-коттаны тұзды карамелі бар дайын тұздықпен безендіріп, үстінен шоколад себуге болады.

Кофелік суфле

Суфле — бірнеше жүз жыл бойы пайдаланылып келе жатқан классикалық француз десерті. Дәстүрлі түрде ол жұмыртқадан жасалады және әрдайым көмештеп пісіріледі, бірақ 20-шы ғасырда желатиннің пайда болысымен суфле ыстық тағам болуын тоқтатты. Біз сізге пісірусіз оңай дайындалатын кофе суфлесінің екі рецептін ұсынамыз.

Кофелік суфле

Кофелік суфле

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 2 шай қасық
  • 33% кілегей — 150 г
  • Сүт — 200 мл
  • Су — 150 мл
  • Қант ұнтағы — 250 г
  • Желатин — 20 г

Сүт пен желатинді араластырып, оны ісіну үшін 40 минутқа қалдырыңыз. Кофе дайындаңыз: ерігіш кофені ыстық суға қосып, араластырыңыз. Крем мен қант ұнтағын араластырыңыз, содан кейін шыңдар пайда болғанша көпсітіңіз. Пайда болған массаға суыған кофе қосыңыз. Желатин қоспасын араластырыңыз да, кілегей мен кофеге қосып, біртекті болғанша бәрін араластырыңыз. Қоспаны креманкаларға құйып, тоңазытқышқа 3 сағатқа салып қойыңыз.

Кофе және шоколад қосылған сүзбелі суфле

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Жұмсақ сүзбе — 500 г
  • Кілегей (майлылығы кез келген) — 100 мл
  • Қант — 50 г
  • Желатин — 15 г
  • Шоколад — 60 г
  • Су — 250 мл

Желатин мен суды кәстрөлде араластырып, 30 минутқа қалдырыңыз. Содан кілегей мен кейін бөліктерге бөлінген шоколадты қосып, кәстрөлді баяу отқа қойыңыз. Массаны қыздырыңыз, бірақ қайнатпаңыз. Шоколад толығымен еріп кетуі тиіс. Кәстрөлді плитадан алыңыз, кофе ұнтағын қосып, араластырыңыз, содан кейін сүзбе мен қантты қосыңыз. Миксермен біртектілік болғанша көпсітіңіз, қалыптарға құйып, толығымен қатқанына дейін тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Кофелік пудинг

Пудинг — бірнеше түрі бар дәстүрлі британдық тағам. Ол, мысалы, ет өнімдерінен дайындалған болса, тоқ немесе кілегей тәрізді десерт түрінде тәтті болады. Оған ерекше хош иіс үстеп беру үшін пудингті кофе негізінде де дайындауға болады.

Кофелік пудинг

Даршын қосылған кофелік пудинг

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • 20% кілегей — 300 г
  • Жүгері крахмалы — 20 г
  • Қант — 35 г
  • Ванильді қант — 2 шай қасық
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Даршын — 1 таяқша

Жұмыртқа мен ванильді қантты шайқағышпен көпсітіңіз. Жүгері крахмалын қосып, мұқият араластырыңыз. Кофені кілегеймен араластырыңыз да, даршын таяқшасын қосып, плиртада қыздырыңыз, бірақ кілегейдің ұйып қалмауы үшін қайнатпаңыз. Даршынды шығарып алыңыз. Қант массасына кофе қосып, араластырыңыз, плитаға қойып, қоюланғанша пісіріңіз. Пудингті креманкаларға үлестіріп, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Кофе пудингі қатып қалғанда, оны жеп көруге болады.

Шоколад қосылған кофелік ұнтақ пудинг

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Ыстық су — 30 мл
  • Ұнтақ жарма — 80 гр
  • Қант — 5 ст. л.
  • Ванильді қант — 1 ч. л.
  • Су — 30 мл
  • Какао ұнтағы — 2 ст. л.
  • Шоколад — 50 г
  • Сары май — 40 г
  • Сүт — 280 мл

250 мл сүтті, ванильді қантты және екі ас қасық қантты араластырып, қоспаны орташа отқа қойып, қайнатыңыз. Ыстық су мен NESCAFÉ® ерігіш кофесін араластырып ерігіш кофе жасаңыз. Сүтке бір шай қасық эспрессо қосып, араластырыңыз. Сүтке ұнтақ жарманы қосып, ол қоюланғанша 7-8 минут бойы үздіксіз араластыра отырып пісіріңіз. Оны плитадан алып, суытыңыз.

Шоколадты ерітііңіз де, оған сары май қосыңыз. Сопақ табада 30 мл сүтті, какао ұнтағы мен қантты араластырып, қайнатыңыз да, 3 минут пісіріңіз. Шоколад пен какаоны араластырыңыз, сонан соң суытыңыз.

Кофелік пудингті креманкаларға салып, тұздықпен безендіріп, түні бойы тоңазытқышқа салыңыз.

Кофелік чизкейк

Кофелік чизкейк
Чизкейкке ұқсайтын тағамдардың ең алғашқы рецепттерді ежелгі римдіктер мен гректердің аспаздық кітаптарынан кездестіруге болады. Дегенмен, біздің заманымызда танымал кілегей ірімшігі негізіндегі классикалық десерт тек 19 ғасырда АҚШ-та «Филадельфия» ірімшігін ойлап тапқаннан кейін ғана пайда болды. Қазір чизкейктерді дайындаудың жүздеген нұсқасы бар: оны шоколадты, жемістерді, жидектерді, сондай-ақ кофені қосып дайындайды.

Пісірмесі бар кофелік чизкейк

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 2 шай қасық
  • Шоколадты піспенан — 350 г
  • Сары май — 110 г
  • Какао ұнтағы — 3 шай қасық
  • «Маскарпоне» ірімшігі — 800 г
  • Қант — 220 г
  • Жұмыртқа — 4 дана
  • 33% кілегей — 160 г
  • Жүгері крахмалы — 2 ас қасық

Сары май қосылған піспенанды блендерде ұсақтаңыз, 1 шай қасық кофе мен какао ұнтағын қосып,  араластырыңыз. Піспенанға ерітілген сары майды қосыңыз. Чизкейкке арналған қалыпты жұқалтырдың екі қабатына орап, түбіне піспенан негізін жайып салыңыз. 80 мл кілегейді қыздырып, оған қалған ерігіш кофені қосыңыз. Жеке ыдыста ірімшікті, 80 мл кілегей мен қантты көпсітіңіз, жұмыртқаны қосып, массаны блендермен көпсітіңіз. Ірімшік массасын кофе массасымен араластырыңыз. Дәл сонда крахмал мен какаоны електен өткізіңіз, содан кейін салманы қалақшамен жақсылап араластырыңыз. Оны корждың үстіне жайып салыңыз. Үлкенірек қалыпты алып, оған қайнап тұрған суды құйыңыз да, су моншасын жасау үшін үстінен чизкейк салынған қалыпты қойыңыз. Тұмшапеште десертті 180 градуста 40 минут пісіріңіз, сонан соң температураны 160 градусқа дейін азайтып, чизкейкті тағы 20 минутқа қалдырыңыз. Осыдан кейін, десертті тұмшапеште 30 минут бойы суытыңыз.

Пісірмесі жоқ кофелік чизкейк

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Шоколадты піспенан — 120 г
  • Сүт — 100 мл
  • «Маскарпоне» ірімшігі — 150 г
  • 10% кілегей — 100 г
  • Желатин — 10 г
  • Қант — 100 г
  • Сары май — 50 г
  • Қаймақ — 100 г
  • Ванильді қант — 15 г
  • Су — 80 мл

Сары май қосылған піспенанды блендерде ұсақтап, кофелік чизкейкке арналған қалыптың түбіне салыңыз. Сүт пен желатинді араластырып, желатин ісінгенше 40 минутқа қалдырыңыз, содан кейін сүтті 60 градусқа дейін қыздырыңыз. Маскарпонені, кілегейді, қаймақты, ванильді және ақ қантты миксермен көпсітіңіз. Нәтижесінде көпірме көбік шығуы тиіс. Сүтті ірімшік массасымен араластырып, көпсітіңіз. Ерігіш кофені дайындап суытыңыз, сонан соң оны крем қосылған қоспаға қосыңыз. Кремді піспенан салынған қалыпқа жайып салыңыз да, тоңазытқышқа 3 сағатқа қойыңыз. Чизкейк дайын!

Кофелік торт

Егер сіз «Наполеон», «Қызыл барқыт» және «Медовик» сияқты классикадан шаршасаңыз, біз кофелік тортты жасауды ұсынамыз. Күрделілігі бойынша оның рецептін сол бір «Медовикпен» салыстыруға болады, яғни оны үйде дайындау қиынға соқпас. Мұны қалай жасау керектігін айтып береміз!

Шоколадты-кофелік торт

Шоколадты-кофелік торт

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 3 шай қасық
  • Жұмыртқа — 3 дана
  • Қант — 130 г
  • Крахмал — 20 г
  • Қопсытқыш — 0,5 шай қасық
  • Ұн — 60 г
  • Сүт — 300 мл
  • Какао ұнтағы — 15 г
  • Су — 120 мл
  • Қант — 60 г
  • Жұмыртқа сарыуызы — 2 дана
  • Ақ шоколад — 50 г
  • Желатин — 5 г
  • Сары май — 100 г

Алдымен корждарды дайындап қойыңыз. Бұл үшін какао ұнтағын, 5 г крахмалды, қопсытқышты және ұнды араластырыңыз. Жеке ыдыста жұмыртқа мен 70 г қантты миксермен көпірме көбік пайда болғанша көпсітіңіз, 50 мл сүт қосып, біртектілік болғанша араластырыңыз. Құрғақ ингредиенттерді ыдысқа біртіндеп қосыңыз, бір уақытта шайқағышпен араластырып тұрыңыз. Қамырды пісіру қалпына салып, 30 минут бойы 180 градусқа дейін қыздырылған тұмшапешке салыңыз. Бисквит дайын болғанда, оны пышақпен немесе жіппен корждарға кесіңіз.

Корждар пісіріліп жатқанда, кремді дайындап қоюға болады. 250 мл ыстық сүт пен 2 шай қасық ерігіш кофені араластырыңыз. Желатиннің үстіне 20 мл су құйып, ісінуге қалдырыңыз. Жұмыртқа массасы ағармайынша 50 г қант пен екі сарыуызды көпсітіңіз, сонан соң оған сүтпен кофені қосыңыз. Қоспаны сопақ табаға құйып, орташа отқа қойыңыз да, қоюланғанша пісіріңіз. Содан кейін сопақ табаны оттан алыңыз да, оған желатин мен ақ шоколадты қосып, үлдірмен жауып, сауытып қойыңыз. Суыған массаға сары майды қосып, барлығын біртектілік болғанша араластырыңыз.

Кофе сіңіргісін дайындаңыз. Ол үшін 100 мл суды, 2 шай қасық ерігіш кофе мен 10 г қантты араластырыңыз.

Тортты жинай бастайық. Түбіне коржды салып қойыңыз, сонан соң оған кофе сіңіргісін жағыңыз да, үстіне крем қабатын салыңыз. Қабаттар аяқталмайынша қайталаңыз, сонан соң тортты түнге тоңазытқышқа салып қойыңыз. Дастарханға қоймас бұрын тортты какао ұнтағымен безендіруді ұсынамыз.

Кофелік мусс

Мусс — Франция кондитерлерінің өнертабысы. Бұл десерттің атауы француз тілінен «көбік» деп аударылады — бұл астың консистенциясы дәл осындай. Муссты жемістерден, жидектерден, шоколадтан және, әрине, кофеден жасауға болады.

Кофелік крем-мусс

Кофелік крем-мусс

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Сүт — 150 мл
  • Жүгері крахмалы — 5 г
  • Кілегей — 150 мл
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Қант — 50 г
  • Желатин — 5 г
  • Су — 30 мл

Сүтті желатинмен араластырып, оны ісіну үшін 30 минутқа қалдырыңыз. Сопақ табада сутті, қантты, крахмалды, жұмыртқа мен кофені араластырыңыз. Түйіршіктер болмас үшін мұқият араластырыңыз. Қайнатыңыз, бірнеше минут қайнаңқыратыңыз да, оттан алыңыз. Сопақ табаға желатин қосып, суытыңыз. Бөлек ыдыста кілегейді көпірме консистенцияға дейін көпсітіңіз де, кофе қоспасына қосыңыз. Мусс дайын!

Кофелік крем

Тортқа қабатшаны дайындау қажет болса, крем-чизді жасауды ұсынамыз. Кремнің бұл нұсқасы кондитерлер арасында өте танымал, себебі ол тойымды, оны бұзу қиын және ол кез келген піспенанмен жақсы үйлеседі. Бұдан басқа — крем-чизге кофе дәмі мен хош иіс оңай үстеп беріледі!

Кофейный крем-чиз

Кофелік крем-чиз

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 2 шай қасық
  • Кілегейлі-сүзбелі ірімшік — 500 г
  • Майлылығы 33% кілегей — 100 мл
  • Қант ұнтағы дәмге қарай

Кілегейді ерігіш кофемен араластырып, оларды миксермен көпсітіңіз. Бөлек ыдыста ірімшікті қант ұнтағымен біртекті массаға дейін көпсітіңіз. Кілегейді біртіндеп ірімшік массасына құйыңыз, және бір уақытта кремді миксермен көпсітіңіз. Содан кейін кремді екі сағат суытыңыз. Кофеден жасалған крем дайын!

Кофелік бисквит

Нәзік кофелік бисквит — әмбебап ас. Оны торттың негізі ретінде пайдалануға болады және оған крем-чиздан немесе мусстан жасалған қабатшаны қосуға болады. Бұдан басқа, егер оны тиісті қалыпта пісірсе, ол кекс түріндегі жеке десерт болуы мүмкін. Үйде кофелік бисквитті қалай дайындауға болатынын айтып береміз!

Кофелік бисквит

Кофелік бисквит

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Жұмыртқа — 3 дана
  • Қант — 140 г
  • Су — 60 мл
  • Ұн — 150 г
  • Какао ұнтағы — 10 г
  • Қопсытқыш — 7 г
  • Тұз — бір шымшым
  • Өсімдік майы — 45 мл

Кофе дайындаңыз: бұл үшін ыстық суға NESCAFÉ® ерігіш кофесін қосып, араластырыңыз. Жұмыртқаны, қантты және бір шымшым тұзды миксермен көпсітіңіз — масса ағарып, көлемі үлкеюі тиіс. Жеке ыдыста електен өткізілген ұнды, какао мен қопсытқышты араластырыңыз. Қамырды миксермен төмен айналыммен көпсітіп жатып, бір мезгілде құрғақ ингредиенттерді, сары май мен кофені бірте-бірте қосыңыз. Қалыптың түбіне пергамент салып, қамырды қалыпқа құйыңыз да, 170 градусқа дейін қыздырылған тұмшапешке 25 минутқа қойыңыз. Кофелік бисквит пісірілгенде, оны тұмшапештен шығарып алып, суытыңыз да, тоңазытқышқа 2 сағатқа салып қойыңыз.

Кофелік маффиндер

Біздің іріктемеміздегі тағы бір байырғы британдық рецепт — маффин. Бірнеше ғасыр бұрын бұл Лондон мен Бирмингемде тұратын жұмыскерлерге арналған десерт болған. Дегенмен, қазіргі таңда ағылшын кекстері кез келген сәнді кофехананың немесе наубайхананың мәзірінде бар. Және оларды үйде де оңай жасауға болады — мұны қалай жасауға болатынын айтып береміз.

Кофелік маффиндер

Жаңғақтар қосылған кофелік маффиндер

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Ұн — 130 г
  • Шоколад — 45 г
  • Жұмыртқа — 1 дана
  • Қант — 50 г
  • Қойылтылған сүт — 30 г
  • Қопсытқыш — 0,5 шай қасық
  • Жержаңғақ — 30 г
  • Грек жаңғағы — 30 г
  • Су — 70 мл
  • Апельсин жартысы

Жұмыртқа мен қантты ашық сары көбік пайда болғанға дейін көпсітіңіз. Қойылтылған сүтті қосып, біртекті консистенцияға дейін көпсітіңіз. Ерігіш кофені ыстық сумен араластырып, стақанға ұсақталып туралған шоколадты қосыңыз да, ол ерігенше араластырыңыз. Кофе мен жұмыртқа қоспасын біріктіріңіз де, ингредиенттерді төмен жылдамдықпен көпсіте бастаңыз. Қопсытқышты қосып, қамыр қоюланғанша ұнды біртіндеп себіңіз. Апельсиннің шырынын сығып алып, үштен екісін қамырға қосыңыз да, қайтадан көпсітіңіз, жармаланған жаңғақтарды қосып, араластырыңыз. Тұмшапешті 220 градусқа дейін қыздырыңыз, маффиндер қалыптарының үштен екісін қамырбен толтырыңыз да, үстіне шырынның қалған бөлігін құйып, 25 минут пісіріңіз.

Ақ шоколад қосылған кофелік маффиндер

Ингредиенттер:

  • NESCAFÉ® ерігіш кофесі — 1 шай қасық
  • Ақ шоколад — 150 г
  • Сары май — 100 г
  • Қант — 40 г
  • Ұн — 50 г
  • Қопсытқыш — 7 г

100 г ақ шоколад пен сары майды сопақ табада баяу отта ерітіңіз, сонан соң оларды біртектілік болғанша араластырыңыз. Жұмыртқа мен қантты ашық сары көбік пайда болғанға дейін көпсітіңіз. Қопсытқыш пен кофе ұнтағын қосыңыз, ұнды біртіндеп қоса отырып, көпсітуді жалғастырыңыз. Қамырға шоколад қоспасын қосып, мұқият араластырыңыз. Қамырды қалыптарға салып, қалған ақ шоколадпен безендіріңіз де, маффиндерді 220 градуста 20 минут пісіріңіз. Кофелік маффиндер дайын!

Кофе десерттерге қайталанбас дәмді үстеп береді, сондықтан оны бүкіл әлем кондитерлері пайдаланады. NESCAFÉ® ерігіш кофесі олардың кез келгенін дайындауға керемет жарасады және оларды одан да хош иісті етеді!