Құқықтық ақпарат
1. Жалпы қағидалар
1.1. Осы құжат («Оферта») www.nescafe.kz сайтында орналастырылған, жария оферта болып табылады, www.nescafe.kz («Вебсайт») ғаламтор-ресурсын пайдаланған кезде Әкімші мен Пайдаланушының өзара құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1.2. Вебсайтты пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған және Вебсайтты пайдалану арқылы Офертаны қабылдайтын жеке тұлғалар.
1.3. Вебсайтты пайдалану арқылы Пайдаланушы Офертаның шарттарымен және ережелерімен толық келісімін білдіреді, онда баяндалған Вебсайтты пайдалану ережелерін, деректерді жинау және өңдеу тәртібін қабылдайды. Пайдаланушы Офертаның шарттарымен келіспеген жағдайда, ол Вебсайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті.
1.4. Вебсайт Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) компаниясына тіркелген, «Нестле Фуд Казақстан» ЖШС-мен әкімшіліктендіріледі, БСН 040740000547, Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 В үй («Әкімші»).
1.5. Вебсайтты пайдалану:
а) кез келген зияткерлік меншік құқықтарын теріс пайдаланбауы немесе бұзбауы;
b) жала (соның ішінде Nestlé компаниялар тобының кез келгеніне қатысты), порнографиялық, нәсілшілдік немесе ксенофобтық сипатта болмауы; төзбеушілікті, жек көрушілікті немесе зорлық-зомбылықты мадақтамауы немесе жандырмауы; немесе өзге жолмен қорлаушы болмауы немесе қарсылық тудырмауы;
c) саяси, діни немесе басқа да орынсыз мәселелерге немесе тақырыптарға қатысы болмауы; немесе коммерциялық немесе басқа жарнаманы немесе жарнамалық науқандарды қамтымауы;
d) жалған, алаяқтық, жаңылыстырушы немесе арам ниетті болмауы; вирустарды немесе зиянды кодты таратпауы; қауіпсіздікке қауіп-қатерді тудырмауы; немесе өзгеше жолмен Вебсайттың тұтастығына қауіп төндірмеуі; немесе
e) Вебсайтты зақымдамауы, ажыратпауы немесе шамадан тыс жүктемеуі; немесе
f) боттарды немесе қол жеткізудің өзге автоматтандырылған құралдарын пайдаланбауы тиіс;
2. Деректерді жинау және өңдеу
2.1. Вебсайтта Яндекс Метрика мен Google Analytics ғаламтор-статистика сервистерінің пайдаланылуымен, келушілер туралы иесіздендірілген деректер (соның ішінде «cookie» файлдары) жиналып өңделеді.
2.2. Ғаламтор-статистика сервистерін пайдалану арқылы жиналатын Пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері сайттағы Пайдаланушылардың әрекеттері туралы ақпаратты жинау, Вебсайт пен оның мазмұнының сапасын жақсарту үшін пайдаланылады.
2.3. Вебсайт әкімшісі немесе Әкімші атынан әрекет ететін үшінші тарап, егер бұл Пайдаланушының браузер баптауларында рұқсат етілген болса («cookie» файлдарын сақтау және JavaScript технологиясын пайдалану қосылған), Пайдаланушы туралы иесіздендірілген деректерді өңдейді.
2.4. Өңделетін деректердің құпиялылығы деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын толық көлемде орындау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастыру және техникалық шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Авторлық құқық және зияткерлік меншік
3.1. Контент. Тауар белгілеріне құқықтарды, авторлық пен сабақтас құқықтарды, барлық зияткерлік меншік құқықтары, сондай-ақ Әкімші Вебсайтта орналастырған материалдарға, мысалы, мәтіндерге, кескіндерге, логотиптерге, фотосуреттер мен бейнематериалдарға деген өзге зияткерлік құқықтар Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) компаниясына тиесілі немесе олардың заңды иелерінің келісімімен орналастырылған («Нестле Контенті»). Нестле Контенті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғалады. Оның авторын/құқық иесін мойындауды және авторлық құқық туралы хабарламаны сақтауды қоса алғанда (мысалы, © Société des Produits Nestlé, S.A. 2023), сіз барлық жағдайда Нестле Контенті мазмұнына қол сұқпаушылықты қадірлеп сақтайтын шартымен пайдаланушы Вебсайттың материалдарын жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, бірақ бұл материалдарды кейінгі коммерциялық пайдалану үшін емес қарап шығуға және және одан үзінді көшірмелерді жасауға құқылы.
3.2. Бұл ретте:
a) біздің веб-сайттан шамадан тыс, автоматты немесе жүйелі шеттен алып пайдалануға немесе біздің сайттан материалдарды басқа сайт, сервис немесе дерекқор үшін немесе оларды құру үшін пайдалануға, әлде оларды қайта сату немесе тарату мақсатында пайдалануға; немесе
b) біздің веб-сайтта кез келген бағдарламалық жасақтамада пайдаланылатын бастапқы кодты адам оқи алатын түрге дейін декомпиляциялауға, кері әзірлеуге немесе басқа жолмен өзгертуге тыйым салынады.Қолданыстағы заңнамада өзгесі ескерілмеген болса, Әкімші өз қалауы бойынша рұқсат ете алатын, тыйым салатын немесе шектейтін кез келген коммерциялық мақсатта пайдалануды қоса алғанда, сіз алдымен Вебсайтты немесе Нестле Контентін кез келген басқаша пайдалануға біздің рұқсатымызды алуға міндеттісіз.
4. Кепілдіктерден бас тарту және Жауапкершілікті шектеу
4.1. ВЕБСАЙТТА ҰСЫНЫЛҒАН АҚПАРАТ ПЕН БАРЛЫҚ КОНТЕНТ СІЗГЕ СОЛ КҮЙДЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ БОЛСА ДА ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛГЕН НЕМЕСЕ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРСІЗ БЕРІЛЕДІ.
Әкімші Вебсайтты мүмкіншілігінше барлық пайдаланушылар, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қолжетімді етуді мақсат етеді. Веб-бетті қарап шығу сіздің бағдарламалық жасақтамаңызды немесе құрылғы баптауларын өзгерту (мысалы, қаріп өлшемін өзгерту) немесе қосымша техникалық құралдарды орнату арқылы жақсартылуы мүмкін. Пайдаланушы нар тәуекел деп Вебсайтқа қол жеткізеді, оны пайдаланады, қарап шығады және шарлайды.
4.2. ВЕБСАЙТТЫ ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ ЖҮКТЕЛІП АЛЫНАТЫН НЕМЕСЕ БАСҚАША АЛЫНАТЫН БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ӨЗІҢІЗДІҢ НАР ТӘУЕКЕЛІҢІЗ ДЕП БЕРІЛЕДІ.
Бағдарламалық жасақтамаға негізделген кез келген сервис сияқты Әкімші Вебсайттың іркілістер мен ақауларға ұшырамайтынына кепілдік бермейді. Дегенмен, Әкімші олар туралы белгілі болғаннан кейін кез келген мәселелерді шешу үшін ақылға қонымды шаралар қабылдайтын болады. Әкімші Вебсайттан кез келген материалға қол жеткізу, оны пайдалану немесе жүктеп алу немесе АТ жүйелеріне кез келген заңсыз басып ену немесе араласу салдарынан Пайдаланушының компьютерлік жабдығына немесе басқа мүлкіне зақым келтірген болуы мүмкін кез келген залал немесе вирус үшін ешбір жауапкершілікті өз мойнына жүктемейді. Әкімші біздің Веб-сайтты пайдаланбас бұрын, вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы орнату сияқты қауіпсіздікке қатысты мәселелерден қорғану үшін орынды сақтық шараларын қоса алғанда, Пайдаланушының компьютерлік жүйесінің жарамдылығын және үйлесімділігін тексерудің қамын ойлауды міндетті түрде ұсынады.
Әкімші өз қалауы бойынша Вебсайтты уақытша немесе тұрақты негізде, соның ішінде техникалық себептермен тоқтата тұра немесе тоқтата алады. Әкімші бұл туралы Пайдаланушыны алдын ала хабардар ете алады, бірақ міндетті емес. Әкімші өз тарапынан немесе кез келген үшінші тараптың әрекеттері немесе әрекетсіздігінен туындаған Вебсайттың кез келген немесе барлық функцияларының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы үшін кез келген сипаттағы жауапкершілікті немесе міндеттемені өз мойнына жүктемейді.
5. Ақпаратты өзгерту
5.1. Әкімші бүкіл Вебсайтты немесе оның бір бөлігін, соның ішінде контент мазмұнын құрайтын ақпаратты толықтыру, жою, түзету немесе өзгерту арқылы кез келген уақытта өз қалауы бойынша өзгерте алады. Әкімші бұл туралы Пайдаланушыны алдын ала хабардар ете алады, бірақ міндетті емес.
5.2. Пайдаланушылардың жайлылығы үшін Вебсайтта Әкімші басқармайтын немесе бақыламайтын басқа сайттарға гиперсілтемелер бар болуы мүмкін. Әкімші мұндай сайттар үшін ешбір жауапкершілікті көтермейді және олардың контентіне, заңды күшіне, дәлдігіне немесе функцияларына байланысты кез келген жауапкершілік пен міндеттемелерден бас тартады.
6. Өзге шарттар
6.1. Әкімші Офертаға өзгерістерді соңғы редакцияның күні мен нөмірін көрсете отырып, Вебсайтта офертаның жаңа шарттарын орналастыру арқылы бір жақты тәртіппен енгізеді.
6.2. Егер бұл орынды шаралармен алдын алуға болмайтын форс-мажорлық жағдаяттардың салдары болып табылған болса, Әкімші осы Офертаның ішінара немесе толығымен сақталмағаны үшін жауапты болмайды. Сонымен қатар, Әкімші желілік шабуылдарға немесе Сайттың бұзылуына (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей), Веб-сайт жұмысындағы техникалық себептерден туындаған іркілістерге жауапты болмайды.
6.3. Веб-сайтта орналастырылған ақпарат, соның ішінде барлық графикалық кескіндер, тауар белгілері, мәтіндік ақпарат, бағдарламалар кодтары және т.б., Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) меншігі болып табылады және авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы, сондай-ақ тауар белгілері туралы заңнамамен қорғалған. Рұқсатсыз көшірудің кез келген жағдайы (толық немесе ішінара) жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
6.4. Осы Оферта бойынша құқықтық қатынастардан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Келіссөздер барысында туындаған дауларды шешу мүмкін емес болған жағдайда, мұндай даулар кінәрат-талап тәртібінің міндетті түрде сақталуымен, Компанияның орналасқан жері бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының сотына шешу үшін берілуі тиіс. Кінәрат-талапқа жауап беру мерзімі ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (Отыз) күнді құрайды.
6.5. Офертаның осы нұсқасы ағымдағы болып табылады және алдыңғылардың барлығын ауыстырады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Пайдаланушы 8 800 080 72 00 телефоны немесе contact@info.nestle.kz электрондық поштасы арқылы жүгіне алады.
0.1 редакция
Күні: 01.12.2023 ж.